Ақтөбеде баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

10 Желтоқсан 2022, 02:07 1574

Оқиға 25 қараша күні орын алған

Ақтөбеде 13 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөліктің сырты лас болуына байланысты көлік нөмірін анықтау тәртіп сақшыларына қиынға соғыпты.

25 қараша күні жол талғамайтын көлік жүргізушісі Бейбітшілік даңғылымен жүріп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апатынан кейін көлік жүргізушісі балаға көмек көрсетпей, оқиға орнынан кетіп қалған. Автокөліктің сырты лас болуына байланысты көлік нөмірін анықтау жұмыстары қиынға соқты. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 9 желтоқсан күні 31 жастағы автокөлік жүргізушісі анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды, - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: