Ақтөбеде әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген азамат өз-өзіне қол жұмсады

8 Қыркүйек 2023, 16:12 605

Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойыннан жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған.

Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған.

Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан. Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: