Ақтөбеде 9 жастағы бала әткеншектен құлап, көз жұмды

19 Қыркүйек, 12:22 2057

Ақтөбеде әткеншектен құлаған 9 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Баланың  қатты соққыдан басы жарылып, омыртқасы мен қабырғалары сынған.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Кәмелеттік жасқа толмаған баланың қайтыс болуына қатысты іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр,- деп хабарлады полиция.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 30 минут бойы реанимациялық көмек көрсеткенмен, нәтиже болмаған.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бала ашық бас ми жарақатын алғанын, бас сүйегі, мойын омыртқасы, қабырғасы сынғанын, кеуде қуысы қысылғанын хабарлады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: