Ақтөбеде 500-ге жуық адам тазалық акциясына атсалысты

24 Мамыр, 08:38 514

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза орман» акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Акция Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі орналасқан «Заречный-3» тұрғын-жай аумағында да болды.

Акцияға облыс бойынша  жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері, «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары бар.

Орман шаруашылығы мекемелері акцияға қатысушыларды қажетті техникалық жабдықтармен қамти отырып, қураған ағаштарды кесу, жол жиектеріндегі, арықтағы күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғайтын 9 мекеме (Ақтөбе, Үлкен-Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин) бар. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы — 217,8 мың гектарды құрайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: