Ақтөбеде 20 жастағы ер адам суға батып кетті

31 Мамыр, 10:35 421

Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінің рұқсат етілмеген аймағында 2004 жылы туған ер адам суға батып кетті.

Жедел құтқару жасағы құтқарушылары жағадан 15 қашықтықта, 2,5 тереңдіктен аталған азаматтың денесін шығарды.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: