Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоты заңсыз бұғатталған

4 Қазан 2023, 11:21 594

Ақтөбе облысының прокуратурасы талдау нәтижеcі бойынша Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен ағымдағы жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттағанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.

Осылайша, прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды.

Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.

EL.KZ
Бөлісу: