14.06.2023
10:15
1624
Ақтөбеде 15 жастағы бала суға батып кетті

Ақтөбеде 15 жастағы бала суға батып кетті

Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніне 15 жастағы бозбала суға батып кетті. Ол тыйым салынған аумаққа шомылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін сағат 18:55-да тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Елек өзені бойында 15 жастағы бозбаланың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті.

Сүңгуірлер жағадан 50 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен 2006 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша 15 жастағы жасөспірім рұқсат етілмеген жерге суға түскен. Жыл басынан бері қалада 8 адам суға кетті. Оның бесеуі кәмелет жасқа толмаған бала,- деді қалалық ТЖБ бастығы Айбат Жаңабергенов.

Еске салсақ, өткен аптада Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Ақжар-1 ауылындағы көпір қасында 2 адам суға кетті. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

19 және 20 жастағы азаматтардың денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша олар рұқсат етілмеген жерге суға шомылған, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.