29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбе тұрғыны тиімді бағада кірпіш сатып аламын деп 4 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтық туралы 33 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол интернеттен кірпішті өте тиімді бағамен сату туралы хабарландыру тапқанын айтты. Сатушымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін сатып алушы аталған мекенжайға келіп, мәміленің барлық мән-жайын талқылап, алдын ала 4 млн теңге сомасында қолма-қол ақша төлеген.
Сатушы оған жәбірленушіге тауарды жақын арада жеткізуге уәде берген, бірақ төлегеннен кейін ол қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан және уәдесін орындамаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 40 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек