Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге сатпақ болды

27 Қыркүйек, 11:02 535

Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұстады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: