03.12.2022
16:30
2605
Ақтөбе қаласында бопсалаушылар тобы ұсталды

Ақтөбе қаласында бопсалаушылар тобы ұсталды

Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп бопсалаумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Олар қарашаның басында Ақтөбе тұрғынынан ВАЗ-21070 автокөлігін зорлық-зомбылық көрсетіп, иемденген.

Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары.

Күдіктілердің бірі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Ақтөбе қаласы ПБ УИҒ-ға қамауға алынды.

ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.