Ақтөбе өңірінде дельтаплан ұшқышы апат кезінде мерт болды

22 Маусым, 14:45 726

Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмысты орындау барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі дельтаплан апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті дельтапланның ұшқышы қаза тапқанын мәлімдеді. 

Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді, - деп жазылған комитет хабарламасында. . 

Бұдан бөлек, 21 маусым күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылының маңында ұшу барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонғаны мәлім болды. 

Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болғанымен олардың ешқайсысы зардап шекпеген. Авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі қағидаға сәйкес бұл оқиға да авиациялық апат ретінде қаралатыны айтылды. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: