Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБиыл Ақтөбе облысында 23 медициналық нысан пайдалануға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның 15-і су жаңа ғимаратта орналасады. Бұл туралы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен биылға жоспарланған жұмыстар жайы талқыланған аппарат мәжілісінде белгілі болды.
Жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереевтің сөзінше, өңірде басқармаға қарасты мемлекеттік 38 емдеу мекемесі бар. 2025 жылы Ақтөбе облысында медициналық сақтандырылған азаматтар саны –761 мыңнан асады.
Ол кадр тапшылығы мәселесіне де тоқталды. Биыл дәрігерлерге 166 бос орын бар. Оның ішінде қалалық жерде – 110, ауылдық жерде – 56. Былтыр ауылға қызмет етуге жіберілген 15 маманға 3 млн.тг. көлемінде және 25 маманға 8,5 млн.тг. көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл бағытта жұмыстар биыл да жылы да жалғасады.
Облыстың бас дәрігері былтырғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы жоспарлармен бөлісті. 2025 жылға жоспарлар: жалпы – 23 нысан пайдалануға беріледі. Оның 15-і жаңадан салынбақ. Сонымен қатар 8 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Дәрі-дәрмек мәселесі бойынша биылға жергілікті бюджеттен 549 млн. теңге бөлінсе, республикалық бюджеттен - 9,2 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Медициналық ұйымдарды жарықтандыру жыл соңына дейін 94.3% жеткізіледі деген жоспар бар.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады