22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқтөбе облысында шегірткеге қарсы күрес мәселелері мен атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық аумақтық инспекция басшысы Асылхан Абтиевтің айтуынша, шегірткеге қарсы ауқымды күрес жүргізілуде. Химиялық өңдеу жұмыстары 512,9 мың гектар алаңда жүргізіледі деп жоспарлануда, оның ішінде 368,5 мың гектары жерүсті әдісімен, ал 144,6 мың гектары әуеден өңделмек.
Барлығы 95 арнайы техника тартылды. Оның ішінде 73 жерүсті вентиляторлы бүріккіш, 13 аэрозольді генератор және 9 жеңіл авиация ұшағы бар.
Айта кету керек, ауа райының күрт жылынуына байланысты биыл шегірткелердің дернәсілдері әдеттегіден ерте шықты. Сәуір айының соңы және мамырдың басында Шалқар, Ырғыз және басқа да бірнеше ауданда зиянкестердің жаппай пайда болуы тіркелді. Осыған байланысты өңдеу жұмыстары облыстың көптеген ауданында 14 мамырдан басталды.
Облыс шегірткеге қарсы қажетті пестицидтермен толық қамтамасыз етілген. Оларды «Бағжан» ЖШС, «Магтоксин» ЖШС және «Аэро» авиакомпаниясы» ЖШС секілді арнайы компаниялар жеткізуде. Мердігер ұйымдар техниканың басым бөлігін іске қосты. Мысалы, «Бағжан» ЖШС 73 жерүсті бүріккіштің 61-ін жеткізді. Жеңіл авиация аудандардың өтінімдері бойынша жедел түрде жіберілуде. Қазірдің өзінде ұшақтар Ырғыз, Байғанин, Ойыл және Шалқар аудандарында зиянкестердің ошақтарын өңдеу бойынша ұшуды орындады, - деді Асылхан Абтиев.
1 маусымға дейін 803 мың гектардан астам жер зерттелді. Жоспарланған 172,6 мың гектардың 151,2 мың гектары өңделіп болды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев