Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев брифинг барысында айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Оның мәліметіне сәйкес, біржолғы әлеуметтік төлем бойынша бүгінгі күні 1 026 құжат қабылданды. 504 отбасына 163 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жасалды. Қалған 522 отбасының құжаттары қаралуда.
Бүгінде 14 елдімекенде 236 абонент электр энергиясынан ажыратылды. Дегенмен барлық тұрғындарға дизельді генератормен тоқ беріліп жатыр. Осы уақытта 10 бригада, 60 техника барлық елдімекенде қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Электр қуатын қалпына келтірудің жоспары да құрылды. Оған сәйкес, су деңгейінің төмендеуіне орай 7 күнде жұмыстар аяқталуы қажет, - деді спикер.
Қазіргі уақытта облыста су тасқынына қатысты жағдай тұрақты деңгейде. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда.