Ақтөбе облысының құтқарушылары 93 адамды эвакуациялады

25 Ақпан 2023, 15:40 838

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар Ақтөбе облысындағы жолдардан 93 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

2023 жылғы 24 ақпанда сағат 22.50-де Әйтеке би ауданының «Самара-Шымкент» автожолының 964 км-де ТЖД күштері «Yutong» маркалы жолаушылар автобусына (Бішкек-Мәскеу) жол көрсетіп Қарабұтақ кентіне бірге барды. Жылыту пунктіне (орталық мешіт) Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының 41 азаматы эвакуацияланды.

25 ақпанда сағат 04:05-те Ақтөбе қаласының Едіге батыр даңғылында ТЖД күштері техникалық ақауы бар «Setra» (Шымкент-Мәскеу) маркалы жолаушылар автобусынан Жаңақоныс кентінің жылыту пунктіне (мешіт) 54 адамды эвакуациялады. Оның 52-сі Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 52 құтқарушы мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақтөбе облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде дауылды ескертулермен танысуға және қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

EL.KZ
Бөлісу: