29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОқиға бүгін сағат 13:22-де болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
101 пультіне Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенді.
Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.
Барлау жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.
Өрт сағат 13.47-де сөндірілді. Өрт алаңы 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің 26 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барды.
Ақтөбе облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек