Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 55 отбасы баспаналы болды

21 Шілде, 23:37 632

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы бойынша су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалды. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр.

Сонымен қатар Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 55 отбасы баспаналы болды.

Баспаналы болған 55 отбасы - көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ембі қаласы, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелши ауылдарының тұрғындары. Оларға барлығы 971 млн 712 мың теңгеге үйлер сатып алынып берілді, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: