12.04.2024
07:33
1089
Ақтөбе облысындағы Мамыр ауылынан 80 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысындағы Мамыр ауылынан 80 адам эвакуацияланды

Осы сағаттарда Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Сырлыбайұлы Жүнісовтың басшылығымен құтқарушылар эвакуациялық жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағында құтқарушылар Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады.

Эвакуацияланған тұрғындар Ирғыз ауданындағы Т. Жүргенов атындағы мектепке жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамырсу елді мекенін су басу қаупі туындады.