27.03.2024
21:09
1110
Ақтөбе облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Ақтөбе облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Ақтөбе облысында Қауылжыр станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, Қауылжыр станциясында қозғалыс қалыпқа келтірілген.

27 наурызда сағат 09:28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді, - делінген мәліметте.

Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді.