Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, 23 тамыз күні сағат 08:45 шамасында Самара-Шымкент автожолында Алға ауданының Сарытоғай ауылына жақын жерде Volvo жүк көлігі мен ВАЗ 2110 автокөлігі соқтығысты.
Оқи отырыңыз:
Салдарынан 44 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.