03.02.2025
09:06
962
Ақтөбе облысында жолда қалған 48 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысында жолда қалған 48 адам эвакуацияланды

ТЖМ құтқарушылары 48 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін 112 пультіне Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы «Шымкент-Мәскеу» маршрутымен бара жатқан автобустың сынып, тоқтап қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Дереу шақырту орнына жеткен құтқарушылар көлік  құралында 48 адам барын, соның ішінде 21-і Өзбекстан Республикасының азаматтары екенін анықтады. ТЖМ қызметкерлері барлығын вахталық автобуспен эвакуациялап, жақын жылыту пунктіне жеткізді, - делінген мәліметте.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.