Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан

ТЖМ құтқарушылары 33 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аттас кентінен 40 км қашықтықта «Самара-Шымкент» тас жолының жабық учаскесінде «Уфа-Самарқанд» жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан.

ТЖМ қызметкерлері вахтовкамен 33 Өзбекістан азаматын жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.