04.03.2023
18:20
1566
Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 4 шетелдік азамат қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 4 шетелдік азамат қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

4 наурыз күні Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігінің қатысуымен ЖКО болды.

Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы, барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары, оқиға орнында көз жұмды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды және ЖКО-ның мән-жайлары анықталып жатыр.