20.11.2023
10:08
1226
Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тас жолының 73 шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды. Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.