9 мамыр күні Ақтөбе облысында жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ВАЗ көлігі МАN жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Оларды көліктен арнайы құрылғының көмегімен алып шыққан.
Диапазон дерегінше, ВАЗ-дың рулінде Ырғыз орта мектебінің 45 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ал оның әйелі оқиға орнында қайтыс болған. Ол да Ырғыз орта мектебінде сабақ берген. Үшіншісі – 28 жастағы мал дәрігері. Ол Ырғыз аудандық мәслихат депутаты болған.