29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбе облысында Әйтеке би ауданына қарасты Көрпе ауылы маңында жол-көлік апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға салдарынан сол жерде автобустың жүргізушісі бақиға аттанған. Аталған жол-көлік оқиғасы Самара–Шымкент тасжолының Әйтеке би ауданы аумағында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар мінген автобус соқтығысқан.
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүк көлігінің тіркемесіне жанасып, соғылған. Оқиға кезінде онда барлығы 6 жолаушы болған көрінеді.
Автобус жүргізушісі қарама-қарсы келе жатқан жүк көлігімен арадағы қашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүк көлігі тіркемесінің бір бүйіріне соқтығысады. Автобус жолдан шығып кетіп, жүргізуші көз жұмды. Жолаушыларда қандай да бір жарақат жоқ,- деп мәлімдеді Әйтеке би аудандық полиция бөліміндегідер.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек