Ақтөбе облысында оқыстан болған жол апаты кезінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға кеше өңірдегі Шалқар ауданының аумағында, Самара-Шымкент тас жолының 1235 шақырымында тіркелді.
Hyundai Sonata автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
Қазір қайғылы жол апатына қатысты ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.