Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ақтөбе өңіріне жасаған жұмыс сапары кезінде Мәртөктегі толықтай жаңғыртудан өткен өрт сөндіру бекетіне барды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңартылған нысан азаматтық қорғау инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама негізінде іске асты. Өрт сөндіру бекеті толық жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталған. Материалдық-техникалық базасы нығайтылып, құтқарушылардың төтенше жағдай кезінде жылдам қимылдап, сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетуіне қажет жағдай толық жасалды.
Министр мен облыс әкімінің орынбасары бөлімді аралап, жеке құраммен сөйлесті, бекетте жасалған жағдайдың деңгейін бағамдады.
Шыңғыс Әрінов жергілікті атқарушы органдардың балансына берілген 13 заманауи арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстады. Жаңа автоцистерналар мен арнайы көліктер төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін едәуір арттырып, Мәртөк ауданындағы өртке қарсы қорғаныстың күшін нығайтады.
Бұдан соң өңір басшысының орынбасары мен министр құтқарушыларға берілген қызметтік үйлерді аралап көрді.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?