28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысында жалған көлік нөмірімен жүрген шетелдік ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15 ақпан Қарабұлақ–Қостанай тас жолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері РФ-ның 36 жастағы азаматының басқаруындағы Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші жалған тіркеу нөмірлерін орнатқан, - делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату» және КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Нөмірлік белгілер тәркіленді, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізушіге айыппұл салынды, бір жыл мерзім жүргізуші құқығынан айырылды және бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?