29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбе өңірінде құрылыс маусымы жанданып, білім, спорт және денсаулық сақтау нысандары мен жол құрылысы қарқын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталығында №7, №8 және №51 мектеп-гимназиясына жапсарлас ғимарат салынып жатыр. Бұл осы оқу ордалары орналасқан ықшам аудандардағы 1300 оқушының білім алуына жағдай жасамақ.
Ал облыстық мамандандырылған №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жаңадан бой көтеруде. Алматы ауданында орналасқан «Динамо» кешенінде 250 орындық трибуна қарастырылған. Спортшылар бір ауысымда баскетбол, волейбол, бокс және ауыр атлетика сияқты спорт түрлерінен жаттыға алады. Бапкерлер құрамы 10 адамнан құралмақ.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев құрылыс нысандарының ағымдағы жағдайын бағамдады, олардың сапасы және белгіленген мерзімдерге сәйкестігі тексерілді. Жауапты мердігерлерге жұмысшылар қатарын көбейту, кестеден ауытқымау және сапалы құрылыс материалдарын пайдалану керектігі айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек