Ақтөбе облысында үш адамның өліміне себеп болған мұғалім сотталды

12 Наурыз, 16:32 1118

Ақтөбеде адам өліміне себепші болған мектеп мұғаліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ырғыз ауданында болған жол апатында үш адамның өліміне кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды. Жол апатынан екі оқушы мен бір мұғалім қайтыс болған. Олардың арасында сотталушының туған әпкесі бар.

Жаныс би ауылында тұратын жоғары сынып оқушылары Toyota Alphard минивэнімен Ырғызда өтетін аудандық олимпиадаға бара жатқан. Сол жолда қарсы жолаққа шығып кеткен көлік минивэнмен соқтығысқан.

Көлікті мектеп оқытушысы басқарған. Ол бес жылға сотталып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: