Ақтөбе облысында шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіленді

26 Қыркүйек, 02:41 369

Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, «Қосбармақ» қыстауында «Қарасора» операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды. Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: