01.08.2023
10:44
1491
Ақтөбе облысында шілде айында 33 жол апаты тіркелген

Ақтөбе облысында шілде айында 33 жол апаты тіркелген

Ақтөбе облысында шілде айында 33 жол апаты тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, шілде айында Ақтөбеде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды.

Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, - делінген ақпаратта.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда қырағы болуға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.