Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған өзбекстандық азаматтар құтқарылды

14 Қаңтар, 01:41 1013

Ақтөбе облысындағы өткен тәуліктегі авариялық-құтқару жұмыстары кезінде шетелдік азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында «Ташкент-Казан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы ақаулығына байланысты бұзылып қалды. Автобус ішінде 55 Өзбекстан азаматы болды.

ТЖД күштерімен жолаушылар Қарабұтақ ауылының мешітіне көшірілді, медициалық көмек қажет болған жоқ.

Азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер қойылған кезінде жолға шықпауға кеңес береміз. Автокөліктің техникалық жағдайын қадағалаңыздар.

Перизат Саденова
Бөлісу: