03.06.2023
09:48
1389
Ақтөбе облысында ойын баласы суға құлап бақилық болды

Ақтөбе облысында ойын баласы суға құлап бақилық болды

Ақтөбеде 10 жастағы бала ойнап жүріп, суға құлап бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Ойын баласын су астыан сүңгуірлер алып шыққан. Өңірдің ТЖД-нің ақпараты бойынша, қайғылы оқиға кеше сағат 18:26-да тіркеліп, 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданы Айболит бау-бақша ұжымы ауданында баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына сүңгуірлер жіберілді. Алдын ала ақпарат бойынша 10 жастағы бала ата-ананың қарауынсыз қалып, ойнап жүріп құлап кеткен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19:05-те 10 жастағы ер баланың денесін судан шығарды. Оның үстінде киімі болған, - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.