Ақтөбе облысында оқушы еріген қар суына батып көз жұмды

3 Сәуір, 13:30 2253

Ақтөбе облысында тағы бір бала еріген қар суына батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылында болған. Ауылдық округ әкімі Кеңшілік Байдрахмановтың айтуынша, 2 сәуірде сабақтан шыққан төрт бала көшеде ойнап жүрген. Осы кезде солардың бірі еріген суға түсіп, қайта шыға алмай, бала қайтыс болды. Ересектер бірден көмекке келгенімен, оны құтқара алмаған.

Бала 10 жаста, жергілікті мектеп мұғалімінің тұңғышы екен.

Отағасы мектепте күзетші болып жұмыс істейді, олардың тағы екі қызы бар. Ұжым отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр, - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: