Ақтөбе облысында материалдық шығынды есептейтін комиссия мыңнан астам өтініш қабылдады

3 Сәуір, 19:52 462

Ақтөбе облысында материалдық шығынды есептейтін комиссия екі күнде 1237 өтініш қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтініштер эвакуациялық пункттерде және аудандардағы әкімдіктерде  қабылдануда. Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі әлі де сақталып отырғаны белгілі болды.

Көктемгі су тасқынының салдарын жою бойынша құрылған арнайы комиссия ТЖ жарияланған Әйтеке би, Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласында жұмысын бастады. Материалдық шығынды есептеу үшін құрылған комиссия екі күнде 1237 құжат қабылдаған. Алматы ауданынан 732 өтініш түскен. 

Жалпы, құжаттар Ақтөбедегі №18, 45, 8, 2, 14, 31, 22, 36, 26, 16, 40, 47, 30, 12, 5, 71, 53, 57, Қызылжар және М.Арын атындағы мектептерінде ұйымдастырылған эвакуациялық орталықтар және Алматы мен Астана аудандарының әкімдіктерінде қабылданады. Ал аудандар бойынша өтініштерді комиссия Ойылда - Ш.Бекмұхамбетов атындағы мектеп-гимназия, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен аграрлық колледжінде қабылдауда. Қобда, Мұғалжар, Әйтеке би, Темір аудандық әкімдіктері мен Саркөл, Алтықарасу және Кеңестуы ауылдық округтерінің әкімдіктерінде комиссия тұрғындар өтініштерін қабылдайды, - деп жазылған Ақтөбе облысының әкімдігі таратқан мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: