05.03.2023
14:40
1167
Ақтөбе облысында локомотив пен пойыз соқтығысты

Ақтөбе облысында локомотив пен пойыз соқтығысты

5 наурыз күні сағат 10:20 шамасында Ақтөбе облысының Біршоғыр станциясында маневрлық локомотивтің Бішкек – Самара бағытындағы жолаушылар пойызының тепловозымен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аталған дерек Қандыағаш станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 344-бабы 1-бөлігі «Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша тіркелді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.