02.07.2024
09:20
1045
Ақтөбе облысында көлік өртенді

Ақтөбе облысында көлік өртенді

Ақтөбе облысының құтқарушылары жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жеңіл автокөлік таңертең Бестамақ ауылында өртенген.

Құтқарушылар күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 30 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

ТЖМ өкілдері жол көлігінде төтенше жағдай болған жағдайда 112 телефонына хабарласуды сұрайды.