11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАқтөбе облысында газдандыру және бекеттердегі газ тапшылығын жою мәселелеріне баса назар аударылып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев баяндама жасады. Ол облыстағы елді мекендерді газдандыру жоспарлары туралы айтты. Өңірдегі 319 елді мекеннің 172-сі газбен қамтамасыз етілген. Биыл 9,1 млрд теңге сомасына 14 ауыспалы жобаны аяқтап, 9,8 мың тұрғыны бар 23 ауылды газға қосу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданы Қожасай ауылын газдандыру аяқталады. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша газбен қамту 196 ауылға ұлғаймақ.
Бұған қоса, 8 жаңа жоба бойынша 4,7 млрд теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Оларды өткізген жағдайда 206 елді мекен (64,6%) және 901,5 мың адам (97,1%) газбен қамтамасыз етілетіні мәлім болды.
Ақтөбеде магистральдық газ құбырының үшінші желісінің құрылысын аяқтау маңызды кезең болды, бұл өткізу қабілетін сағатына 526,5 мың текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Газ құбырын қалалық әкімдіктің балансына беру үшін құжаттар дайындалды, - деді А. Айтбаев.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес