Ақтөбе облысында есірткі қылмысының саны 68% артқан

7 Қазан, 22:14 396

Ақтөбе облысында биылғы жылдың 8 айында есірткі қылмысының саны 68 пайызға артқан. Бұл туралы облыс прокуроры Халидулла Дәуешов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор мәліметінше, есірткі қылмысының алдын алу шаралары өзінің тиімсіздігін көрсетуде.

Биыл заңсыз айналымнан 379 келі есірткі заттары тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға (2023 жылы – 277 келі) артық, - деді ол.

Есірткі заттарын өндіру немесе өңдеу үшін қолданылатын есірткі зертханаларын, прекурсорларды және улы заттарды анықтау жұмыстары жеткіліксіз ұйымдастырылған.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысымен өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу қызметін күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешені әзірленді.

Перизат Саденова
Бөлісу: