Ақтөбе облысында әріптесін интим видеосымен бопсалаған жігіттерге үкім шықты

19 Шілде, 13:19 679

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында әріптесінің интим видеосын таратамын деп бопсалаған екі жігітке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің мұндай видеосы әріптесінің қолына қалай түскені нақтыланған жоқ. Сөйте тұра компроматтан табыс табуды ойлаған жігіт досына ролик кейіпкерін бопсалау туралы ұсыныс жасаған.

Алдымен жігіттер әйелден 150 мың теңге талап еткен, сонан соң оны таратпау үшін 300 мың теңгеге көтерген. Әйел әріптестерінің дегеніне көнбей, полицияға шағым түсірген.

Тәртіп сақшылары бопсалаушылардың бірін ақша алу кезінде ұстап, көп ұзамай екіншісін қолға түсірді.

Алайда екі жігіт те темір торға жабылған жоқ. Себебі арызданушы оларды кешіргенін айтқан. Сот жігіттердің бірін 4 жылға бас бостандығын шектесе, екіншісін 3,5 жылға бас бостандығын шектеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: