Ақтөбе облысында 4821 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды

30 Наурыз, 23:02 791

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 600 дана қап және 250 тонна инертті материалдар төселді, 800 текше метр су сорылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына 2606 адам, 643 техника, 32 су сору құрылғысы және 18 жүзу құралы жұмылдырылды.

Эвакуацияланған 4821 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 1489 адам туыстарында. 6291 бас жануар қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

«Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 143 қоңырау түсті.

Зарина Арман
Бөлісу: