Ақтөбе облысында 4 жасар бала еріген қар суына тұншығып көз жұмды

24 Наурыз, 16:47 1030

Қайғылы оқиға 23 наурыз күні сағат 13:00 шамасында Ақтөбе облысының Байғанин ауданының Ебейті ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төрт жасар бала суға құлап кетіп, тұншығып қайтыс болды.

Оның жанында тағы бір бала – туыс ағасы болған. Әкімдік мәліметінше, олар еріген су жиналған маңда ойнап жүрген.

Екінші бала дін-аман. Судың тереңдігі небәрі 15 см болған. Оқиға баланың үйінен 150 метр жерде болған.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: