13.01.2023
20:09
1681
Ақтөбе облысында 15 жасар қыз суицид жасады

Ақтөбе облысында 15 жасар қыз суицид жасады

Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

13 қаңтар сағат 00.10-да Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша "суицидке жеткізу" ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.