11.01.2024
09:40
1867
Ақтөбе облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті 9 қаңтарда үйінен шығып, оралмаған 13 жастағы Әділ Назеновты іздестіріп жатыр.

Баланың белгілері: хаки күртеше, қара шалбар, қарапайым ақ күрте, қара кроссовка киген. Мектеп оқушысы үйден қалпақсыз шығып кеткен, - делінген хабарламада

Қандай да бір ақпарат білген жағдайда 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына хабарласу сұралады.