Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына жаңадан газ құбыры тартылады

11 Қараша 2023, 17:27 883

Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңадан газ құбыры салынады. Жоба туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауқымды жобаны іске асыру елді мекендерді де, оған қоса көп отын көлемін қажет ететін ірі инвестициялық жобаларды да газдандыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Қостанай облысында ауылдық елді мекендердің тек 28%-ы орталық газбен қамтамасыз етілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айында Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін магистральдық газ құбырын салу жөнінде тапсырма берген болатын.

ҚР Энергетика министрлігі «QazagGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, бірден техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кірісті. Қазіргі уақытта жұмыс толық қарқынмен жүріп жатыр.

Менің білуімше, болат өнеркәсібіне арналған шикізат – ыстық крикетті темір өндіру жобасын іске асыру үшін газдың үлкен көлемі қажет болады. Сонымен қатар қажетті шикізат базасы мен білікті кадрлар бар, ендігі кезекте халықаралық сапа және экология стандарттарына сәйкес келетін түпкілікті өнім шығару, терең өндеу өндірісін жолға қою қажет, - деді Роман Скляр.
Асқар Таудай
Бөлісу: