Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасына маршруттық қатынас ашылды

25 Мамыр, 01:35 628

Ақтөбе облысында өңірлік маңызы бар жолдағы жол-көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Темір ауданы тұрғындарының өтініштерін назарға ала отырып, аудандық әкімдік «Шұбарқұдық-Ақтөбе» және «Ақтөбе-Шұбарқұдық» қатынасымен екі аралыққа қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қоғамдық көлік қатынасы бойынша конкурс жарияланып, үміткер анықталды. Жоба мердігері ретінде «Аймұқашев» ЖШС анықталып отыр. 

Қазіргі таңда ауданда жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық автобустардың аялдамасы мен тұрақты орны анықталуда. Сондай-ақ анықталған мердігерге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, жолаушыларды тасымалдау көлігінің техникалық талапқа сәйкес келуі және жүргізушілердің арнайы медициналық бақылаудан өтуі, жол қозғалысы ережелерінің сақталуы тапсырылды, - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан ақпаратта. 

Зарина Арман
Бөлісу: