"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" автожолы төрт жолақты болып қайта жаңартылады

13 Тамыз, 01:21 468

Келер жылы "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" автожолы төрт жолақты болып қайта жаңартылады. Қазіргі таңда "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы аталған жолда орта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, жоспарланған 66,1 шақырымның 61 шақырымында жол жабыны жаңартылған..

2025 жылы осы жол учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары басталып, қазіргі ІІІ техникалық санаттағы жол І техникалық санатқа ауыстырылады. Жол пайдаланушылар үшін жаңа төрт жолақты жол салынатын болады.

Зарина Арман
Бөлісу: