"Ақтөбе" футбол клубы Кутаисидегі матчқа уақытында ұша алмады

27 Шілде 2023, 01:30 1084

Грузия чартер рейсті қабылдаудан "бас тартқан", деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Енді футбол клубы Грузияның Кутаиси қаласында өтетін Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне бейсенбі, 27 шілде күні ұшады. Клуб Грузияға жету үшін өзге авиакомпанияның қызметіне жүгінбек.

Айта кетейік, матч 27 шілде кешке Кутаисидегі Рамаз Шенгелия атындағы стадионында өтеді деп жоспарланған.

Берік Арманов
Бөлісу: